|
Операцияның түрi
|
Төлетiлетiн комиссия
|
-
Банк жүйесіндегі шетелдік валютадағы аударымдар (СКВ, ТМД)
|
200 тг әрбір операция үшін
|
-
SHA - бенефицарий мен жіберушінің бөлшекті төлемімен бірге (жіберуші Банк комиссиясы – жіберуші есебінен, Банк корреспондент пен қабылдаушы Банк комиссиясыалушының есебінен)
|
USD/EUR 0,2 % сомадан Min.4000тг / Max.35000тг |
-
OUR -жіберуші есебінен кепілді төлем , комиссия жіберуші есебінен (жіберуші Банк Қабылдаушы Банкке дейін соманы жеткізуге кепілдік етеді )
|
USD 0,35 % сомадан Min.8000тг / Max.65000тг
EUR 0,45 % сомадан Min.8000тг / Max.65000тг
|
-
Төлемді кері қайтару, төлемдік нұсқамалардың өзгеруі, төлем тағдыры туарлы сұраным:
|
USD 8 000 тг / EUR 11 000 тг |
Банк Kassa Nova заңды тұлғалармен қатар жеке тұлғалардың да пайдасы үшін ақшаны қауіпсіз, ыңғайлы және пайдалы SWIFT төлемдік жүйесі арқылы әлемнің кез-келген еліне жіберу қызметін ұсынады.
Төлемдер – ақшаны есептеу мен төлеудің халықаралық жүйесі арқылы SWIFT банкаралық телекоммуникацияларын (Дүниежүзілік банкаралық қаржылық телекоммуникациялар) пайдалана отырып жіберіледі. Жүйеге енгізілген әрбір банктің өзіндік SWIFT коды бар.
SWIFT төлемдердiң негiзгi артықшылықтары:
-
Қауіпсіз, ыңғайлы, пайдалы – әрбір ақша аударымы адресаттың ақшаны дәл және мезгілінде алатындығына кепіл етуші әлемдік деңгейдегі қауіпсіздік жүйесімен қорғалған.
-
Төлемдерді бүкіл әлемге жіберу – төлемдік географияда шектеулердің болмауы
-
Төлемдерді заңды тұлғалармен бірге, жеке тұлғалардың да мекен-жайларына жіберу мүмкіндігінің болуы.
-
Аударым сомалары бойынша шектеудің болмауы. Аударымның мақсаты Қазақстанның валюталық заңнамасының талаптарына сәйкес және SWIFT жүйесі бойынша растаушы құжаттар бар болған жағдайда кез-келген сома шектеусіз жіберіледі.
-
Клиенттен аударым туралы өтініш түскен күні де төлемдерді пайдалы тарифтермен жіберу.
Клиент халықаралық SWIFT-төлемін шетелдік валютамен жіберу үшін банкке төмендегілерді ұсынуы қажет:
-
Жіберуші заңды тұлғаның атауы; жеке тұлға үшін - тегі, аты;
-
жіберушінің мекенжайы;
-
Қабылдаушы банктің деректемелері (SWIFT код немесе қабылдаушы банктің клирингтік коды; қажет болған жағдайда – делдал банктің SWIFT коды);
-
Қабылдаушы шотының нөмірі (IBAN);
-
Қабылдаушы заңды тұлғаның атауы; жеке тұлға үшін - тегі, аты;
-
Қабылдаушының мекен-жайы;
-
Төлемнің мақсаты көрсетілуі керек.
Валюталық операциялар бойынша ақша аударымдарын жүргізу/ есепке алу келесі құжаттар негізінде жүзеге асырылады:
-
Тұлғаны куәләндіруші құжат (жеке тұлғалар үшін);
-
Қазақстан Республикасында тұрақты түрде тұру құқығын растаушы құжат бар болған жағдайда (жеке тұлғалар үшін – шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқтар үшін);
-
Қазақстан Республикасында мемлекеттік (есептік) тіркелгендік туралы куәлік (резидент және Қазақстан Республикасының заңнмасына сәйкес тіркеуге алынуға тиісті резидент емес заңды тұлғалар үшін);
-
Салық төлеушінің мемлекеттік тіркеуін растаушы құжат;
-
Валюталық шарт (қажет болған жағдайда);
-
Тіркеу куәлігі, хабарлау туралы куәлік (қажет болған жағдайда);
-
Мәміленің төлқұжаты (тауарлар/жұмыстар/қызметтердің экспорты мен импортына байланысты мәмілелер бойынша 50 мың АҚШ доллары эквивалентінен асып түсетін сомада мәміле төлқұжатын талап етуші);
-
Атқаруды растаушы құжаттар немесе олардың негізінде міндеттемлерді атқару қажеттігі (экспорт пен импортқа байланысты мәмілелер бойынша)
Он мың АҚШ доллары эквивалентінен аспайтын сомадағы (Заңды тұлғалармен бірге жеке тұлғалардың да) резиденттер мен резидент еместердің банктік шоттары бойынша Валюталық шартты ұсыну талап етілмейді, төмендегі жағдайларда, егер:
-
Төлем резидент емес арқылы жүзеге асырылғанда;
-
Төлем резидент арқылы жүзеге асырылады және жіберуші - резидент ақшаны (алушы) ақша аудару (ақша алу) тапсырысында (өтінішінде) осы төлемнің және (немесе) ақша аударымының тіркеу куәлігін, хабарлау куәлігін немесе мәміленің төлқұжатын талап ететін валюталық операциялар жүргізуге байланысты емес екендігі көрсетілген жағдайда.
Жеке тұлғалар (резиденттер және резидент еместер) Банкте шот ашпай-ақ төмендегілерді жүзеге асыруға құқылы:
-
Қайтарымсыз ақша аударымдарын, Қазақстан Республикасының территориясына, Қазақстан Республикасынан және Қазақстан Республикасына (салықтық, лицензиялық төлемдер, айыппұлдар, мұрагерлік сомалары, алименттер мен гранттар және тағы басқа аударымдар);
-
Қазақстан Республикасынан аударылған басқа ақша аударылымдарын, жеке тұлғаның кәсіпкерлікпен айналысуына қатысты емес және оларға байланысты он мың АҚШ доллары эквивалентінен аспайтын сомадағы (Валюталық шарт ұсынылмайтын), он мың АҚШ доллары эквивалентінен асатын сомадағы (Валюталық шарт ұсынылатын), мәміле төлқұжатын рәсімдеуді, тіркеуді, хабарлауды талап етпейтін аударымдар
Жеке тұлғаның (резиденттің) басқа жеке тұлғаның міндеттемелерін атқару есебінен жүргізілетін төлем/аударымдары жағдайында Банкке олардың өзара міндеттемелерінің сипатын анықтаушы Шарт ұсынылады, немесе жіберушінің күйеуі (әйелі) немесе міндеттеме атқару есебінен төлем жүргізілетін тұлғаның жақын туысы екендігін растаушы құжат ұсынылуы мүмкін.